2026 жылғы 19 қарашада «ЕО.kz» компаниясына Саяси менеджмент академиясының делегациясы келді.
2026 жылғы 19 қарашада «ЕО.kz» компаниясына келесі құрамдағы делегация келді:
-
Тамара Қасымқызы Дүйсенова — Саяси менеджмент академиясының директоры;
-
Анархан Қалиевна Дюсенова — Саяси менеджмент академиясы директорының кеңесшісі;
-
Дарын Дүйсенбайұлы Шамуратов — Атырау облысы әкімінің орынбасары;
-
Жұмабек Есілбекұлы Жанықұлов — «PARYZ» Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясы Президиумының төрағасы;
-
Қайрақбай Құттыбайұлы Жанабеков — Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының кеңесшісі.
Кездесудің негізгі тақырыбы — өнеркәсіптік қауіпсіздікті арттыру, өндірістік жарақаттанудың алдын алу және қызметкерлердің кәсіби құзыреттерін бағалаудың заманауи тәсілдерін енгізу мәселелері болды.
Талқылау барысында тәуелсіз сараптаманың, жабдықтарды техникалық диагностикалаудың, персоналды даярлау мен біліктілігін растаудың рөлі, сондай-ақ мемлекет, жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасындағы өзара іс-қимылды нығайтудың маңыздылығы қарастырылды.